Марсель Паньоль

Марсель Паньоль (фр. Marcel Pagnol, 28 ақпан 1895 жылы — 18 сәуір 1974 ж.) — атақты француз драматургі және кинорежиссері, Француз академиясының мүшесіне айналған бірінші кинематограф қайраткері (1946).

Құрылымы

1 Өмірбаяны

2 Ескертпе

3 Әдебиет


Өмірбаяны

1895 жылы Марсельден 20 км шығысқа қарай Обань қаласында мектеп мұғалімі Жозеф Паньол және тігінші Огюстинаның отбасында дүниеге келген . Кейінірек, екі кіші ағайындылары және қарындасы, бүкіл отбасымен Марсельге қоныс аударды. 1910 жылы оның шешесі қайтыс болып, 1912 жылы әкесі қайтадан үйленеді. Келесі жылы Марсель Экс-ан- Прованс университетіне түседі де әдеби қызметті бастайды, бірақ бір жылдан кейін оны Бірінші дүниежүзілік майданға шақырады, алайда 1915 жылдың қаңтар айында әскери қызметке жарамсыз деп танылады. 1916 жылы Марсель Паньоль әкесінің еркіне қарсы үйленеді де, 1927 жылға дейін ағылшын тілінің оқытушысы болып жұмыс атқаратын Парижға кетіп қалады дейін. Француз астанасында ол жас жазушылармен танысады, ал Поль Нивуамен бірлесіп 1924 жылы "Саудагерлер даңқымен" пьесасын жазады. Жетістік оған тек 1928 жылы "Топаз" пьесасы құрылғаннан кейін ғана келіп жетті.

1930-шы жылдары ол кинокомпанию құрып, өзінің меншікті пьесасына негізделген марсельдік жұмысшылар туралы трилогия түсіреді("Мариус"(1931), "Фанни" (1932) және "Сезар" (1936)), сондай-ақ "Топаздың" екі нұсқасын шығарады. 1938 жылы "Наубайшының әйелі" атты фильмі жарық көреді де, белгілі бір жетістікке ие болады. 1940 жылы "Жер қазушының қызы" фильмі елеулі оқиға болып табылды, ал 1946 жылы "Наис". 1948 жылы ол "Керемет диірмеші" түрлі-түсті фильмін түсіріп, 1951 жылы —"Топаздың" үшінші нұсқасы жарық көрді. Паньолдің кинодағы соңғы жұмысы - Альфонс Додтың "Менің диірменімнен хаттар" әңгімесі бойыншатүсірілген (1954). 1955 жылы ол басқарушы болды, ал 1957 және 1966 жылдары Канн кинофестивалінің қазылар алқасының мүшесі атанды.

1946 жылы өзінің алты фильмінде түсірген актриса Жаклин Бувьеге екінші некемен үйленді (1920-2016).

Марсель Паньол көптеген эсселер жазған, оған қоса өзінің 4 бөліктен тұратын "Балалық шақ естеліктері" атты автобиографиялық роман жазған:"Әкемнің даңқы", "Менің анамның сарайы", "Құпиялар уақыты", "Махаббат уақыты". Алғашқы екі бөлімі 1955 жылы басталды да 1957 жылы жарыққа шықты, үшінші бөлімі – 1960 жылы шықты. Төртінші, яғни аяқталмаған бөлімі автор қайтыс болғаннан кейін 1977 жылы оқырмандарға жол тартты. Роман Паньолдің Марсельде және қала сыртындағы "Жаңа" вилласында өткізілген балалық шағына арналып жазылған. 1990 жылы "Әкемнің даңқы" және "Менің анамның сарайы" бөлімдері Иван Робер режиссерінің арқасында көгілдір теледидар алдына көрсетілді. 1974 жылдың 18 сәуірінде белгілі режиссер әрі білімді драматург дүниеден озды.

Ескертпелер:

1."Кругосвет" энциклопедиясы. Паньоль, Марсель

2. Marcel Pagnol. Trivia

Қолданылған әдебиеттер:

1. Bowles B. Marcel Pagnol : [ағл.]. — Manchester

2. University Press, 2012. — 280 p. — ISBN 978-0- 7190-7381- 6.