Менон (Платон)

Менон (грек. Μένων, фр. Ménon) — Платон жазған диалог. Онда Сократ ізгіліктің анықтамасын табуға тырысады, нақтырақ айтқанда ол Арете, яғни әділет немесе тежем секілді арнаулы ізгіліктерді емес, жалпы мағынадағы ізгілікті білдіреді. Шығарманың бірінші бөлігі Сократтық диалектика стилінде жазылған және Менонды шатасқан, немесе апория тығырығына тірелген етіп бейнелейді. "Үйренуші парадоксы деп те аталатын "Менон парадоксына" жауап ретінде Сократ позитивті идеялар ұсынады:

  • Жанның өлместігі, Сократ жанды тән түрмесіндегі субстанция ретінде түсіндіреді;
  • Еске алу (ана́мнезис, грек. ἀνάμνησις) ретіндегі білім теориясы, оны Сократ Менонның құлдарының біріне математикалық жұмбақтар қою арқылы дәлелдейді;
  • Гипотеза әдісі;
  • Білім мен дұрыс сенімнің байланысы қатарлылар.
Сократ (Рим бюсті, Іғ, Лувр, Париж)
Платон (Гректік Платон бюстінің римдік копиясы, Мюнхен)

Дереккөздер өңдеу